Фото: Ашық дереккөз
Депутат Бақытжан Базарбек "Жер Аманаты" комиссиясы бойынша мемлекетке қайтарылған жерлердің қайтадан олигархтарға беріліп жатқанын айтты.
"Жер Аманаты жобасының комиссиясы 8,5 млн гектар жерді қайтардық. Қайтарылғанның көбісі жайылымдық жер. Алайда соңғы уақытта сол жерлерді жергілік жемқор әкімдер олигархтар мен бақуатты адамдарға қайта бергенін естідік. Бұл туралы Айдарбек Сапаров біле ме? Сол жерді қайта беріп жатқан әкімдердің аты-жөнін атасын", деді Бақытжан Базарбек.
Бұған қатысты Ауыл шаруалығының министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек жауап берді.
"Қайтарылған жердің 2,6 млн гектар жер қайта айналымға енгізілді. Мемлекеттік атқарушы билік қайтарғанымен жерді бөлу рәсімі әкімдіктердің қолында. 2,2 млн гектар жер қайтадан бөлініп берсе, 1,6 млн гектары елді-мекеннің жайылымдық жерін кеңейтуге берілген", деді вице-министр.
Депутат вице-министрдің жауабына қанағаттанбай сұрағын қайта қойды.
"Мен сізге әкімдердің аты-жөнін атаңыз дедім. Әкімдерге шара қолданылмаған. Сол себепті олардың аты-жөні керек. Сосын біз керекті шараны қолданамыз. Ал жұмыс істей алмасаңыздар министріңізбен бірге қуып шығамыз. Біз аямаймыз", деп ашуланды депутат.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттық этиканы сақтауды сұрап, Бақытжан Базарбекке ескерту жасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір