13 Қазан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 13 қазан күнгі хабарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқа ақпарат жазбаған.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір