• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Мамыр, 14:06:08
Алматы
+35°

13 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Қытайдың химикат қосылған өнімдерін тұтынамыз

«Ал өзіміздің тауарларды Өзбекстанға, Ресейге экспорттаймыз» дейді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.

ашық дереккөздерден алынды

Экология министрлігіне Азаматхан Әміртай "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға "Экологиялық таза өнімдер стандартын" енгізуді ұсынған еді. Оның пікірінше, «егер тұтынушылардың құқығын қорғайтын болсақ, бұл экологиялық өнім сапасын арттыруға және өнім өндіруші кәсіпкерлерді қолдауға жол ашады» дейді.

Еуропа, Америкаға барғанымызда экологиялық таза өнімдерді көп кезіктіреміз. Онда барлық таза өнімдер супермаркеттердің сөрелерінде толып тұрады. Әрі олардың бағасы химикат қосылған тағамдарға қарағанда қымбатырақ болады. Осы жүйені өз заңымызға да енгізсек. Яғни, таза өнімдерді бөлек, химикат қосылған өнімдерді бөлек сөрелерге қойып, халыққа көрсетсек. Сонда біз бір жағынан шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлерімізді қолдаған болар едік. Екіншіден, қазір ауруханаға барсақ, көп адам асқазан ауруымен емделеді екен. Бұл тұтынушының құқығы қорғалмаған деген сөз. Жақында бір жиналыста «өзіміздің таза өнімдерімізді шетелдерге жіберіп, өзіміз Қытайдың арзан, химикат қосылған тағамдарын тұтынады екенбіз. Заңда осы мәселелер қадағаланса деймін, – дейді саясаткер Азаматхан Әміртай.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір