17 Қазан, 2023 Әлеумет
Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабидің бюсті ашылды
ҚХР білім министрінің орынбасары Ван Гуанянь, университеттің Партия комитетінің хатшысы Ни Хайдун, ректоры Дуан Пэн және Мемлекет басшысына сабақ берген университет профессоры Лю Шицинь, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік өнер мұражайының директоры, мүсін авторы У Вэйшань ашылу рәсімінеқатысты.
ғаламтор желісінен алынды
Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесіне айрықша тоқтала отырып:
«Оның шығармалары – әлемдік ақыл-ойдың алтын қорына қосылған құнды қазына. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндерінің жаһандық тізіміне енгізілді. Біз 2020 жылы осы мерейтойды ерекше атап өттік. Халықаралық ғылыми симпозиумдар, конференциялар ұйымдастырылды. Монографиялар мен жинақтар басып шығарылды. Деректі фильмдер түсірілді. Мұның бәрі Әл-Фарабидің еңбектерін терең түсінуге мүмкіндік береді, оның мол мұрасын жан-жақты насихаттауға жол ашады. Енді Қытай ғалымдары мен жастарына философ жайлы бірқатар ғылыми еңбектер қолжетімді болады. Осы құнды деректермен, ең алдымен, Бейжің Тіл және мәдениет университетінің оқытушылары мен студенттері таныса алады. Бұл – қуантарлық жайт. Мен де кезінде осы оқу орнында тура қырық жыл бұрын білім алдым. Сондықтан бүгін Әбу Насыр Әл-Фарабидің мүсінін ашу – мен үшін зор мәртебе», – деді .
Сондай-ақ ол ұлы ойшылдың мұрасы білім ордасында жан-жақты зерттелетініне, сол арқылы мәдени байланыстарымыз нығая түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар осы бастамаға қолдау білдірген Қытай Үкіметіне, Бейжің Тіл және мәдениет университетіне, Қытайдың Мемлекеттік өнер мұражайына және көрнекті мүсінші У Вэйшаньға зор ризашылығын білдірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір