• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 05:24:31
Алматы
+12°

Ашық дереккөздерден алынды

Электр қуатын өшуі салдарынан бірнеше кен орнында мұнай өндіру жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qamshy.kz "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) энергия блогының ажыратылуына байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында мұнай өндіру жұмысы жартылай және толық тоқтады. 

Ұңғымалардағы жұмыс электр қуаты қосылғанда қайта басталады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мұнай кен орны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір