• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:08:38
Алматы
+12°

24 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

«Роскосмостың халі мүшкіл ме?

«Мұнда болашақ жоқ» дейді ресейліктер

Ғаламтор желісінен алынды

Қазақстан үкіметі Ресейдегі Байқоңыр ғарыш базасын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартуды көздейтін заң жобасы мақұлданған болатын. Алайда оған жетпей, ресейліктер «мұнда енді болашақ жоқ» деген желеумен ат-құйрықтарын үзгелі жатыр» екен.

 

Нақты айтқанда, бұдан былай «Роскосмос» рейстері Ресейдің қиыр шығысына жаңадан салынған «Восточный» космодромына ауыстырылмақ.  Оның үстіне Америкадағы космодромдағы ғарыштық бағдарламасы да аяқталып, енді ғарыш стансасына арзан және сенімді зымыран ұшыру қызметін ұсынуда.

Екінші мәселе, ғарыш айлағы орналасқан қаладан ресейліктер кетіп, қазақтар көптеп қоныстанып жатқандықтан ресейліктер «енді Байқоңырда болашақ жоқ» деп есептейді.

Ал Байқоңыр қаласының әкімі Константин Бусьгин: «егер Байқоңырдан Роскосмос кететін болса, онда 7,5 мың жұмыс орны жабылады. ал қалада өндіріс орны атымен жоқ. сондықтан да Ресейде Байқоңырда тұратын азаматтарын көшіруге арналған арнайы бағдарлама да әзірленді, – дейді France Presse агенттігіне берген сұхбатында.

Ғарыш саласының маманы, ғалым Мейірбек Молдабеков: «ресейліктер Байқоңырдан кеткен жағдайда Қазақстан басқа партнер тауып, ғарыш айлағын басқара алады» дейді.

«Егер ресейліктер шынында солай деп айтқан болса, онда Байқоңырдан көп ұзамай кететін ойлары болғаны. Кетуіне екі салмақты себеп бар:

–  Қиыр Шығыста жасалған өзінің «Восточный» ғарыш айлағы бар, ол жерде ғарышкерлерді ұшыратын кешен соғып алса, онда Байқоңырсыз да бағдарламаларын іске асыра алады;

  • Екі ғарыш айлағын бірге қаржыландыруға қаржы тапшы болуы мүмкін.

Дегенмен, ресейліктер Байқоңырдан кеткен жағдайда Қазақстан басқа стратегиялық партнер тауып, сонымен бірге ғарыш айлақты менгеріп басқара алады. Қазіргі Жалға беру туралы екі еларалық келісім шеңберінде басқа еш елді Ресей Байқоңырға жібермейді, – дейді ғалым.

Ал«Ғарыш зерттеулері мен технологиялары» журналының бас редакторы Нұрлан Әселхан:

  • Бұл жағдайда енді Қазақстан өз азаматтарын қорғау мәселесін шешіп, Байқоңыр қаласының мәртебесін анықтау керек сияқты. Байқоңырда 5-10 жыл бұрын елестетудің өзі қиын болған даулы оқиғалар болғанын білеміз. «Арнайы әскери операцияға» баратын еріктілер жасақталғаны жарияланды. Яғни, митингілер, іс-шаралар, кездесулер, бәрі де – Ресей Байқоңырды жалға алғандықтан өтті.

Енді Қазақстан Байқоңыр қаласын өз иелегіне қайтару мәселесін жеделдетуі керек. Сонда ғана мектепті кім қаржыландырады?, неге қазақстандық бағдарлама жоқ? деген секілді мәселелер шешіледі. Байқоңыр қазірдің өзінде Қазақстанның газымен қамтамасыз етіледі, жеке нысандар бар, бірақ тұрғынүй кешендерін, сауда орындарын, әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін салуға мүмкіндік жоқ. Себебі, ол үшін арнайы рұқсат керек. қаланы Қазақстанның иелегіне қайтару осы мәселенің шешілуіне ықпал етеді, – дейді Нұрлан Әселхан.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ғарыш Байқоңыр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір