• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:23:55
Алматы
+12°

26 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

101 миллион теңге. Қызылорда облысында басшы мемлекет ақшасын жымқырған

Қызылорда облысының прокуратурасы қылмыстық жолмен жымқырылған 101 миллион теңгені мемлекетке қайтарды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ғаламтор желісінен алынды

Прокурорлар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіптік корпорациясы» ӘКК қызметіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде, «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС (ӘКК-нің еншілес ұйымы) «Мега Агро» ЖШС-дан (бұдан әрі – Жеткізуші) 2400 тонна күріш астығын 120 млн теңгеге сатып алу туралы 02.03.2018ж. келісім-шарт жасағаны анықталды. Қаражат толық көлемде аударылған.

Шарт талаптарына сәйкес тауар 30.09.2018ж. дейін жеткізілуі тиіс.

"Өз кезегінде Жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын бас пайдасына шығындаған. Одан бөлек сол мерзімде көрсетілген 2 серіктестіктің басшысы М.Еспанов болған. Осылайша М.Еспанов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзіне тиесілі «Мега Агро» ЖШС арқылы бюджет қаржысын жымқыру мақсатында аффилирленген шарт жасаған. Бұл факт бойынша облыс прокуратурасы 19.08.2022ж. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеді", делінген облыс прокуратурасының ресми хабарламасында. 

Тергеу барысында М.Еспановқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағынмен қайта сараланып, ол кінәсін толық көлемде мойындады және қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жалағаш ауданы сотының 03.10.2023ж. үкімімен М.Еспановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды (үкім заңды күшіне енді).

Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өндірілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір