• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:42:41
Алматы
+12°

06 Ақпан, 2014 NEWS

Жалғас Иманалиев, PR-шы: QNET-тің күйттегені не?

«Мені бұл пәледен шығарып алсаң, өзіңе сауабы тиер...» деген досымның Qnet-ке кіріп, таң азаннан, түннің жарымына дейін уақытын сарп етіп жүргенін көзім көріп,...

1361880944«Мені бұл пәледен шығарып алсаң, өзіңе сауабы тиер...» деген досымның Qnet-ке кіріп, таң азаннан, түннің жарымына дейін уақытын сарп етіп жүргенін көзім көріп, ішім ашыды. Напалеон Хиллдың «Думай и богатей» деген кітабында жеңіске жетудің жолдары айтылған. Барлығы да бизнеске деген сіздің ішкі шынайы қызығушылығыңыз бен қажырлы еңбеңізді қажет етеді. Бірақ, Qnet-те жүрген құрдасымның қолында «менікі» дерлік ешбір меншігі жоқ. Оны құтқармақ боп, мен де оның құрған тұзағына іліне жаздадым. Бұрындары жұмыс іздеп сенделген кезде осындай пирамидалардан естіп жүрген әнге басты. Екі қыз кезектесіп, бірі қысқаша компания тарихы мен талаптарын айтса, екіншісі менің болашақ пайдамды есептетіп әлек болды. Осы бір компания пайда болғалы оған әнші, күйшілер үйір болып алғанын, сонда жұмыс жасайтын құрбылардан біліп жүрміз. Расында да, ол қалталы азаматтар үшін оңай табыс көзіне айналса, оған кіру үшін ата-аналарын қарызға батырып жүрген студенттерге бұл «сандалма союз» болды. Осындай бизнес түрлері жөнінде тереңірек мағлұмат алу мақсатымен ҚазҰУ-дың PR маманы Иманалиев Жалғас Оспанәліұлымен әңгімелескен едік.

Жалғас Иманалиев,

ҚазҰУ-дың PR пәні оқытушысы, жеке кәсіпкер:

– Бізді соңғы кездері ойландырып жүрген мәселелердің бірі – Qnet компаниясына кірген жастардың көбеюі. Компания 1998 жылдан бері 14 жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Оның өнімділігі мен тиімділігі Малайзия мен Финляндияда зерттелген екен. Жалғас аға, сіздің осы тақырыпқа қатысты пікіріңіз қалай?

– Кез келген пирамида құрылғанда оны ойлап тапқандар пайдаға кенеледі. Мұндай бизнес түрі 1993-1995 жылдардан бар. Олар белгілі бір уақыт аралығында пайда болады, бірі өміршең болса, екіншілері жоғалып отырады. «Орифлейм», «Тяньши» сияқты компаниялардың тауарларын өткізу үшін адамдар сол заттарды барынша жарнамалайды, сатушылардың ойын­да тек бір ғана мақсат бар. Келген адамға айтары да, амалы да, айналып келгенде, өзінен бір зат алуға көндіру.

– Qnet алғашында алтын және күміс монета шығаратын компаниямен келісімшарт жасасып, тек осы тауар түрімен айналысса, бүгінде 32 әр-түрлі тауар өндіретін, оның ішінде: швейцар сағаты, емдік қасиеті бар заттар мен туристік карточкалар ұсынады. Оның бір ерекшелігі, тауар тек Qnet арқылы өтуі тиіс емес пе?

– Ия, әрине. Бірақ мұндай дү­ниелерді сатып алушы адамның қаперінде ол зат өзіне керек пе, жоқ па? – деген сұрақ болуы шарт. Егер де мен швейцар сағатын алғым келсе, оны өзге дүкен не сол елден тікелей алдыруыма да болады.

– Алайда компания тауарды бірнеше есе арзан бағамен береді және онда сіз тауар сатып алу арқылы өз бизнесіңізді ашып, өзіңіз басшы боласыз. Осыған күмәніңіз бар ма?

– Жоқ, түбінде сіз тәуелдісіз. Сіздің уақытыңыздың барлығы адам табу, тауар сату сияқты мәселелерге бас қатырумен өтіп, жіпсіз байланасыз. Мені де талай рет шақырды. «Жаңа бизнес жоба бар» деп ұсыныс айтқан соң бара қалсам: «Сен 500 доллар беріп, артыңа адам жинайсың. Сөздерің сенімді болуы үшін біз астыңа қымбат мәшине береміз. Сен іскер адамша киініп, өзгелерді осы іске тартып, сендіресің», – дейді. Қарап отырсақ, мұның барлығы адамдарды адастыруға, алдап соғуға негізделеді. Мүмкін, мұндай бизнеспен тек «суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін» жымысқылар айналыса алар. Бизнестің де кейбір адамға жа­ғатыны не жақпайтыны болады ғой.

– Qnet-ке кіру үшін сіз 3000 бивиге (биви-салымшының ақшасына сатып алынған ұпай) зат сатып аласыз. Сіздің оң және сол қанатыңыз болады. Егер оның бірі жұмыс жасамаса, пайда келмейді. Ал екеуін бірдей жұмыс жасатсаңыз, 200 АҚШ доллары көлемінде ақша келеді. Көбейе берсе сіздің электронды шотыңыз да сатылап, 200 долларға толыға түседі. Бұған сенесіз бе?

– Мына сіз «биви» дедіңіз бе? Көз адыңызға елестетіңіз: мен «тайт» ұнтағын алып, оның сыртына басқа қаптама кигізіп, жанына тағы бір әдемі екі зат қостым делік. Осыларды 2000 «бивиге» сатып ал десем, сіз аласыз. Шартты түрде бұл барып тұрған «лохотрон». Мен ойлап таптым, пайда менде. Қанша дегенмен, қалғандары менің қол астымда жұмыс істемек.

– Әлем бойынша сауданың бұл түрінен пайда түсіріп отырған елдердің ішінде Қазақстан 2 орынды алады екен. Сонда біздің елде ақымақтар көп деп ойлайсыз ба?

– Біздің халық алдау арбауға тез түседі. Мәселен, Ресей ойлап тапқан LBM компаниясының мәліметі бо­йынша пайданы ең көп түсірген ел – Қазақстан екен. 400 000 доллар көлемінде пайда тапқан ұйым мұнша кірісті Қазақстаннан табамыз деп ойламаған екен.

– Тақырыпқа өзек болған компанияға адам шақыру алдында, қызметкерлер барлық мәліметтерді құпия ұстайды. Оның басты ерекшелігі де осында. Уақыт белгіленіп, келмесіңізге қоймай уәде алған олар: керісінше презентация оқитын жұмыскердің уақытын алдың деп кінә тағады. Өзіңізге психологиялық қысым жасап, келмесіңізге қоймай телефон шалып, мазаңызды алады. Мұның сыры неде?

– Бұл өмірде ешқашан өзіңді кінәлауға болмайды. Егер шақырса «бармаймын» деу керек. Барлық адам қателеседі. Мұндай жолмен байығанша, әрбіріміз өз мамандығымызбен жұмыс жасайық. Жастарға айтарым: бар уақытты оқуға, көбірек білім алуға жұмсаңыздар. Ал мұндай бизнес келеді, кетеді. Адал жолмен өмір сүрген абзал, оңай жолмен алысқа бармайсыз.

Сұхбаттасқан Замира Пулатова

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір