• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:12:36
Алматы
+7°

23 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Невролог Нұғман Әбілхайыров

Заман озған сайын экология бұзылып, аурулар көбейді. Бұрын білмеген ауру түрлері де шығып жатыр. Күз басталғалы баладан бастап, үлкендерге дейін түрлі ауруға шалдығуы да заңдылық. Алайда денсаулық ең құнды байлық екенін ескереотырып, түрлі аурудың алдын алуға қатысты қандай жолдар бар екенін білгеніміз абзал. Осы орайда Qamshy,kz дәрігер-невролог Нұғман Әбілхайыровты сөзге тартып, аурудан сақтану жолдары туралы кеңестерін сұрады:

– Көктем мен күздің айларын «эпид маусым» дейді. Сондай кезеңде түрлі аурулар тарайды. Адам ағзасына Айдың гравитациясы әсер етеді, ай басынан бастап ортасына дейін біздің күш-қуатымыз артады. Ал ортасынан соңына қарай керсінше, азая бастайды. Сондықтан дәрумендер мен құнарлы тағамдарды айдың ортасынан кейін қабылдаған дұрыс. Бұл жерде ай дегенім қаңтар, ақпан емес, аспандағы ай. Мысалы, 23 қарашада жаңа ай туса, оған 15 күн қосып есептейсіз де, дәрумендерді желтоқсанның  8-інен бастап қабылдайсыз. Қандай дәрумен ішу керек дегенде, қан талдауын жасатып, қай дәрумен қалыпты нормадан төмен болса, соны ішу қажет. Кез-келген дәруменнің негізі «Д» дәрумені, соны міндетті түрде ішу керек. Күн сәулесі азайғанда етті аз жейтін кісілер В12 ішуі керек. Иммун жүйесін нығайту үшін С дәрумені қажет. Күн суыса да су мөлшерін сақтап, су ішуді ұмытпаңыз. Салмағы 70 келі болатын адамға күндік мөлшер 70*30=210 яғни, 2 литр 100 грамм су ішу керек.

– Кейінгі кезде көп адам ашушаң, қатыгез болып бара жатқан секілді. Бұл ненің әсері?

– Иә, дұрыс айтасыз, қазір сыпайы сұраққа агрессивті жауап беретіндер жиі кездеседі. Біз анадан сау болып тудық қой, сондықтан агрессивті болуымыз тәрбиеден болар. Әлеуметтік желінің кері әсері де болуы мүмкін, психикаға әсер ететін кинолар да бар.

Сіз Инстаграмда адамның дене мүшесіне ұқсайтын пайдалы азықтар туралы мәлімет береді екенсіз?

– Қызанақ пен жүректің суретін қатар алып қарасаңыз, екеуінің ұқсастығын байқаймыз. Сол секілді сәбіз бен көз, жаңғақ пен ми, бұршақ пен бүйрек, зімбір қарын мен ұйқы безіне қатты ұқсайды.

Қызанақ – адам жүрегіне, қан тамырлар жүйесіне пайдалы екені ғылыми дәлелденген. Зімбір сыртқы түріне қарағанда қарын мен ұйқы безіне қатты ұқсайды. Біздің білетініміз, зімбірдің құрамында фермент, оксиданттар, бактерияларға және ісінуге қарсы заттар бар. Сондықтан зімбір жүректің айнуына қарсы көмектеседі. Ішектің жұмысын жақсартуға және ас қорытуға көмектеседі.

Көз бен сәбіз. Сәбіздің көзге өте пайдалы екені белгілі. Сәбіз көздің қан айналысын, қызметін жақсартады. Жаңғақты мидың тамағы деп бекер аталмаған. Жаңғақтың құрамындағы заттар мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Бұршақ – адамның бүйрегіне ұқсас. Ол бөтеке жұмысын жақсартып, бүйрек ауруларына қарсы көмектеседі. Бұршақтың құрамында магний мен калий көп. Сондықтан бөтекеге тас жиналмауына әсер етеді. Сонымен бірге, оның қайнатындысының күшті дәрет қуғыш қасиеті бар.

– Үлкен кісілерге денсаулықты қалыпты ұстау үшін қандай кеңес бересіз? Сондай-ақ мидың қызметін қандай жаман әдеттер бұзады?

– Жасыңа жас қосқан сайын жасаруыңыз қиын-ау, көңіл ғана жасармаса. Жастық қалпын ұзақ сақтауға болады. Бір күнің бір күніңе ұқсамасын деп бекер айтпаған ғой. Іздену үшін адамға құлшыныс қажет. Құлшыныс болса, өмір сүруге деген көзқарасың да өзгеше болады. Уайым түбі тұңғиық, батасың да кетесің, ізденбесеңіз, дамымасаңыз, бос уақытың көп болады. Бос уақыты болса, уайым да болады. Адам жаратылғаннан бері деніміз сол қалпы, тек ми ғана дамып келеді. Ми деген өте құдіретті. Мимен жазылуға да, мимен ауру табуға да болады. Бірден таңертең тұрып, спортпен шұғылданып кет демеймін, тек жай қадам болса да өзгерістерге талпыну керек. Мидың жұмысын ұйқының қанбауы, таңғы ас ішпеу, артық қант, күйзеліс, антидепресанттар мен ұйықтататын дәрілер, темекі шегу, күн, су, шамадан тыс ақпаратты қабылдау секілді әдеттер бұзады. Негізі денсаулыққа қатысты барлық кеңесімді @nureke_doctor инстаграм парақшасында кеңінен жазылған. Қажет етемін деген адам сол парақшадан не болмаса ютуб каналымнан көре алады. 

– Сұхбатыңызға рақмет!

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір