• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:56:30
Алматы
+12°

08 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы белгілі болды

"Қармет" енді кәсіпкер Андрей Лаврентьевтікі, - Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ашық дереккөздерден алынды

Миттал өз акцияларын мемлекетке 286 миллион долларға сатты.

Лаврентьев Forbes журналының ықпалды бизнесмендер тізімінде 26-шы орында. Allur компаниялар тобын басқарады. Автокөліктер құрастырумен және көлік пен қосалқы бөлшектерді сатумен айналысады. 

Қазақстандағы Chevrolet, Kia, JAC және LADA көліктерінің ресми өндірушісі. «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның 65 пайызына иелік етеді.

Лаврентьев кәсіпорынды жаңғыртуға 3 миллиард доллар инвестиция салады.

Оның жартысын бірден салуы керек. Сонымен қатар, ол жалақы мен әлеуметтік пакеттерге қатысты барлық міндеттемелерді жабуы керек.

Арселордың өзіне ребрендинг жасалады. Компания "Қармет" тарихи атауын қайтарады деген болжам бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір