11 Желтоқсан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов қызметінен босатылды. Министрлік вице-министр 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында екенін хабарлады. Еңбек демалысынан кейін ол басқа жұмысқа ауысады.
"Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Жандос Нұрмағамбетов энергетика вице-министрі лауазымына 2021 жылғы 13 желтоқсанда тағайындалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір