• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 04:46:52
Алматы
+12°

14 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Имиджі дардай. Өзі қандай?

Ресми статистика Қазақстанда қылмыс саны азайып келеді дейді. Жаңалықтарды ашсақ, жемқорлықты жеңген Қазақстан парақорлықпен күресу жайында Еуропа елдеріне құнды ақыл-кеңесін беріп жатыр екен. Елде тіпті инфляция төмендеп барады.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Қағаз жүзінде тура осылай болып тұр.

Шындығында ел кедейленіп барады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстан азаматтарының 5,6%-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен екенін көрсетті. 

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 51 710 теңге. Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында – 9,6%, ал ең төмені Қарағанды ​​облысы мен Астана қаласында – 2,7% тіркелді. Бес және одан да көп адамы бар отбасылардағы кедейшілік деңгейі 10% құрады, бұл кедейшіліктің орташа деңгейінің екі есесі. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз Қазақстан тұрғындарының саны екінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамнан асты. Бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

Бірақ BBC сайтында Қазақстанда сөз еркіндігі тапталып, баспасөзін билік бақылайтыны, оппозициялық басылымдардың бәрі дерлік жабылып, шыншыл журналистері шетелге қашатыны жазылды. Оппозициялық басылымдардың барлығы дерлік жабылды немесе жер аударылды, ал қалғаны «айыппұлдың қысымымен күйреді». Ресейлік радиостанциялар кабельдік және спутниктік арналар арқылы таратылатыны да айтылған. Интернет «жаппай бақылау, блогерлерді түрмеге жабу және жаңалықтар сайттарына, әлеуметтік желілер мен хабар алмасу қызметтеріне кіруге жиі шектеулермен қатаң бақылауда екенін шетелдіктер де жете біліп отыр. 

БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланды. Депутаттар бұны Қазақстанның имиджіне нұқсан келді деп қабылдады. Ал қазақтың әйгілі желаяғы Марат Жыланбаев 7 жылға сотталғаны биліктің имиджіне дақ түсірмей ме?

Ал қазақ билігі сырт әлемге мінсіз етіп көрсеткісі келеді. Неге?

– Сырт көзге жақсы көріну үшін «демократия декорациясын» жасайды. Бұл билікті сақтап қалудың бір тәсілі. Қазақстанның халықаралық имиджі Қазақстан билігіне өте керек. Бірақ қазіргі әлемде ел президенттерінің беделіне ешкім көңіл бөлмейді. Тек кім қай тарапты қолдайды деген көзбен ғана қарайды. Тоқаев дипломат болған соң өзін жақсы көрсету үшін біресе Ресеймен, біресе батыспен ойнайды. Ол өз мақсатымен өзінің атмосферасында жүрген сияқты. Жастардың Тоқаевты қолдайтынын көрсету үшін «Жаңа адамдар» деген қозғалыс құрылды. Бұл Ресейдегі «Наши» деген ұйым іспетті. Арнайы құрылған жоспар. Олар биліктен бөлек көрінуге тырысады, белгілі мөлшерде шындықты айтқандай болады. Бірақ негізгі бағыттары айқын. Құрылымдық деңгейде тек «Нұр Отанның» жастар партиясы ғана танылған, сол сияқты Тоқаевтың билігін, оның «Жаңа Қазақстан» ұранын қолдайтындар керек. Мұның пісіп-жетілген уақыты келді, сондықтан таңданбадым.

Ал Марат Жыланбаев сияқты белсенділерді соттау Тоқаевтың атына пәлендей дақ түсіре қоймайды. Спортшының Гиннесс рекордтар кітабына кіргені рас. Бірақ ол кітапқа негізінен қызықты да, сонымен бірге біртүрлі және күлкілі рекордтар енеді. Жыланбаевтыкі адам ағзасының төзімділігін көрсететін спорттық рекорд, алайда кітапқа енген соң ел оған қызықты рекорд есебінде қарайды. Өйткені, Гиннесс рекордтары сыра ішіп отырып қарайтын кітап ретінде жасалған, дейді саясаткер Дос Көшім.

Әсем Жұмақан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: имидж Дос Көшім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір