• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:15:49
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Семейде "ов" пен "ев"-тен бас тартқандар сыйлық алды

Семейде Тәуелсіздік күніне орай "Есімің мен тегің – сенің ұлттық келбетің" деген шара өтіпті.

Ашық дереккөзден алынды

Бұл шара аясында аты-жөні қазақы дәстүрмен жазылған сәбилердің аттары аталып, ата-аналарына сыйлық табысталды.

ҚР президентінің "Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" жарлығы бар.

Онда Қазақстан азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүріне айналдыру қажеттігі айтылған.

– Бүгінде бұл үлкен тенденция, ұлты қазақ азаматтар ешқандай -ов, -ев жалғауынсыз бірден мемлекеттік, ұлттық дәстүрге сәйкес, баласына аты-жөнін беріп жатады. 2023 жылғы дүниеге келген 5504 сәбиге дәстүрге сай ата тегі берілген. Соның ішінде 50-ге жуық сәбиді бүгін, міне осы мерекенің алдында құттықтау мақсатында жинап отырмыз, деді Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.

Мұндай акция жыл сайын еліміздің барлық облыстары мен қалаларында тұрақты түрде өтіп келеді. Былтыр Семейде осы шара аясында 16 жасқа толған азаматтар марапатталса, бүгін сәбилерге көңіл бөлінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір