18 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар
Тобырды басқару да, бақылау да оңай
Біздің қоғамда жомарттық жоғалып барады.
Фото: ашық дерек көздерінен алынған
Алматыдағы киім сататын дүкеннің бірінде жеңілдік жарияланып, оның арты масқара жағдайға әкеліпті. Түк көрмегендей келген халық тағы да бірін-бірі таптап, дүкенді қиратқан.
Бұл не? Ашкөздік пе, әлде кедейлік синдромы ма?
Психолог Серікгүл Сәли мұны дүниеқорлық пен ашкөздік дейді:
– Әрқайсымызда бұл "қасиет" бар. Дүниеқорлығын баса алатындар адамдық деңгейдің шыңына шығады, рухани, мәдени өседі. Адам дүниеқорлығын басқанда көп ақша таба бастайды. Дүниеқорлық деген тек өзіңнің қамыңды ойлау, қанағат деген өзіңді тоқтатып, өзгелермен де бөлісе білу қасиеті. Тек «маған, маған» деп бардың бәрін өзіне жинау, қара басын ойлау дүниеге тым құмар болудан шығады. Жаңағы акция, жеңілдік дегенге құштар болатын адамдар көбіне сараң келеді. Біздің қоғамда жомарттық жоғалып барады. Ашкөз қоғам болып барамыз, құрдым жағында тұрмыз, – дейді ол.
– Адамзат кедейлікті романтика қылып жіберген. Кез-келген киноға қарасаңыз, кедейді жақсы, байларды жаман адам қылып көрсетеді. Меніңше, бұл адамдар көп ақша табуға ұмтыла бермесін деген әлемдік идеология. Адамдардың бәрі қатты байып кетсе, кез-келген билік оларды басқара алмай қалады. Содан болар, адамның бәрі күректеп ақша таппайды, тапқанының бәрін жұмсап жіберуінің барлық жолдары жасалған. Байлар тым көбейіп кетсе, экономикада ақша айналмай қалады. Мысалы, менің 5 млрд доллар капиталым болса, мен оның бәрін құртпаймын, ол жиналып тұрады. Содан ашкөздік пайда болып, жинай түскім келер еді. Тіпті бренд дегеннің өзі байлардың қалтасындағы ақшаны алу үшін ойлап табылған. Соның арқасында қарапайым футболканы 2 мың теңгеге емес, 200 мың теңгеге аламыз да, жұмсалған ақша айналымға кіреді, дейді бизнесмен Бақытбай Сабырбек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір