• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:21:50
Алматы
+12°

21 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге

Қазақ тілінің жанашыры, белгілі меценат Дулат Тастекей Assyltas қоғамдық қорынан Qazaq Tili Endowment Qory эндаумент-қорына 100 миллион теңге қаржы аударды.

ашық дереккөз

Көпшілік кәсіпкер Дулат Тастекейді қазақ тілінің жаншыры жақсы таниды. Ол өзі басқаратын компанияда қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуін талап етіп қана қоймай, қазақ тілінің дамуына қатысты жобаларға демеушілік білдіріп келеді. сондай-ақ ол орыс тілдеріндегі іс-қағаздарды да қазақшалаған.

 

  • Тілін жоғалтқан халықтың болашағы құрдымға кетеетіні ащы да болса, ақиқат. «Ұлт санасы – тіл» деп тегі айтылмаған. Сол себепті, сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел атанған Қазақстан мемлекетінің нышаны – ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Мен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдап, жаңадан құрылған Qazaq Tili Endowment қорына ASSYLTAS қоғамдық қорынан 100 млн.теңге аударатынымды хабарлаймын, – дейді Дулат Тастекей.

 Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ Эндаумент қорындағы жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дулат Тастекей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір