22 Желтоқсан, 2023 Саясат
Қазаққа қауіп: қара келімсек көбейіп келеді
Дені дұрыс кез-келген мемлекет өзін заңсыз келімсектерден қорғауы тиіс.
ҚР ІІМ
Кезінде қазақтың Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген, виза беру мен шетелдік азаматтардың келуі мәселесін кәсіби деңгейде білетін экс-дипломат Қазбек Бейсебаев біраздан бері дабыл қағып келеді:
Қазақстан әлемнің көптеген дамыған елдері үшін өз тарапынан біржақты визасыз режим енгізіп қойған. Еуропа елдері, АҚШ, Канада, Сауд Арабиясы, Кувейт, Сингапур сынды елдердің азаматтары үшін. Өйткені ондай дамыған, халқының тұрмысы жоғары, еркін елдер Қазақстан үшін ешқандай заңсыз миграция қауіпін төндірмейді. Бұл елге бизнес тартып, туризмді дамыту мақсатында жасалған шара екені түсінікті.
Ал дамуы бізден де артта қалған, ауыр экономикалық проблемалары бар, халқы кедей елдер әрине, Қазақстан үшін заңсыз миграция қауіпін, одан туындайтын көптеген жайсыздықтар төндіреді.
Дені дұрыс кез-келген мемлекет өзін заңсыз келімсектерден қорғауы тиіс.
Африкадағы аш-жалаңаш елдердің азаматтары Қазақстанның консулдық бөлімдерінен жаппай туристік виза сұрап жатыр. Ал біздің елшіліктердің қызметкерлері сұраған визаларын оп-оңай беріп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда Африкадан келген туристердің қаптап кеткенін басқаша түсіндіру қиын.
Заң бойынша, Қазақстанға визамен келген шетелдіктердің бәрі виза мерзімі өткеннен соң Қазақстаннан кетуі керек. Бірақ Қазақстанда жүрген африкалық туристер ешқайда кетпей, осында қалды. Өткенде БАҚ-та Африкадан заңсыз келген азаматтардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Нақты жағдайға келсек, Алматыға Африка елдерінен жаппай туристер келді. Олардың бір тобы қалай екені белгісіз, келуін заңдастырып алып, жұмыс тауып алған. Тағы біразы Қазақстаннан кетіп, Ресей асқан болуы мүмкін, өйткені африкалықтардың көбінің түпкі мақсаты Еуропа. Азия мен Африка елдерінің мигранттары орыс пен финн шекарасында топырлағаны туралы ақпарат тараған. Олар Қазақстан мен Ресей шекарасынан қалай өтті деген сұрақ туындайды.
Ендеше, Қазақстанда біреулер заңсыз мигранттарды турист деп елге кіргізумен айналысады. Туристік виза беру ісіне мемлекеттік органдардың қатысы бар. Олар мұны белгілі бір мақсатпен істеп отыр. Уақыт өте алыстағы елдерден келген шетелдіктердің көбеюі Қазақстанда әлеуметтік шиеленіс тудырады. Тиісті органдардың осыны неге ойламайтыны тағы бір сұрақ.
– Біз Қазақстанға заңды келетіндерге еш қарсы емеспіз. Бірақ дәл осы Африка елдерінен келген қонақтар неге көзге шыққан сүйелдей көрінеді? Өйткені олар тым бөлек, азия мен еуропалық біздің нәсілдің жанында олар алабөтен.
Қонақ деген шайын ішіп, қайтып кетуі керек. Визалық режим деген сол. Қонақты шақыруға болады, қонақтап болған соң ол кетеді. Қазақстанда турист болғысы келе қалғандар санының күрт көбейгені алаңдайтын жағдай. Түрі де, жағдайы да туристке келмейтіндерді үйімізге кіргізіп жатырмыз. Олар келіп алып, осында қалайық, енді кетпейміз деді. Бұл біздің визаға жауапты тұлғаларымыздың ұлт қауіпсіздігіне жасаған қастандығы. Оларды енді не істейміз? Бұл дабыл қағатын жағдай, бізге бірдеңе қылу керек, – дейді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір