• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:22:01
Алматы
+12°

26 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Қазақстан утиль алымнан 24,1 млрд $ зиян шекті

Жаңа жылда АЕК-тің өсуімен утиль алымы тағы да қымбаттайды.

Фото: ашық дерек көзінен алынды

а

Енді мотор көлемі 1000 текше см-ден аспайтын жеңіл автомобиль әкелу үшін 276 900 теңге төлеуге тура келеді. Ал моторы 2000 текше см-ге дейінгі машина үшін – 646 100 теңге, 3000 текше см-ге дейін 923 000 теңге төлейсіз. Көлемі 3-тен асатын машина үшін алым 2 122 900 теңге болады!

Ең қызығы, кредитке малынып алған бұл ақшаңыз Андрей Лаврентьев, Нұрлан Смағұлов, Асқар Мамин, Әлия Назарбаева сияқты бай-манаптардың қалтасына кетеді, дейді «Нет утильсбору» қозғалысының жетекшісі Санжар Боқаев.

Оның есебінше, утиль алымынан мемлекетке 24,1 млрд доллар экономикалық зақым келді. Утиль алымы енгізілгеннен бері 8 жылда қазақстандықтардан 900 млрд теңге жиналған. Бірақ әлі күнге дейін сол «утильмен» айналысатын бір де бір кәсіпорын іске қосылмады.

– Утиль алымы деп жинаған ақшаның бәрін олигархтарға береді. Осы алым енгізілгелі көлік бағасы 400%-ға дейін өсті. Соның кесірінен халықтың дені әбден ескірген көлікпен жүр. 2015 жылы автопарктің орташа жасы 12 жыл болса, қазір 22 жыл болды. Үкіметтің бұл алым автопаркты жаңартып, экологияны жақсартуға көмегін тигізеді дегені жалған боп шықты. Қазір Қазақстан әлем бойынша ең лас 30 елдің тізіміне еніп отыр. Бір көліктің утилизациясына бар-жоғы 41500 теңге жеткілікті. Нидерландта 45 евро, Жапонияда 100-200 доллар, Ұлыбританияда 50-80 евро жұмсалады. Бізде көлік түгілі әлі бір комбайн утилизациядан өткен емес, дейді ол.

Утилизация деп салынған Қарағандыдағы жалғыз зауыт жұмыс істемейді. 2017-2019 жылдары алынған ЛиАЗ автобустары алымы төлегеніне қарамастан «зиратта» шіріп жатыр. Жетігеннен жалға жер алуға әкімдік 324 млн теңге бөлген.

 – Утиль алымын енгізерде үкімет өзімізде құрастырылған автокөліктер арзан болады деп сендірді. Бірақ 2023 жылы бізде шығарылған Kia Sorento көлігі 24 млн теңге тұрса, дәл сондай көлік Грузияда 16 млн теңге тұрады. Бұл қалай? Оларда неге 8 млн теңгеге арзан, экономикалық логика қайда, деген сауал қояды саясаткер.

 

                       

Әсем Жұмақан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір