• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 21:51:28
Алматы
+12°

Саяси қудалау бар деп айту үшін цензура, арнаулы заңдар мен жазалау­шы органдар болуы керек. Қазіргі Қазақстанда мұның ешқайсысы жоқ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтты. 

"Біздің заңнамамызда азаматтарды сая­си көзқарасы үшін қудалауға негіз болатын бірде-бір жарлық, бірде-бір заң, бірде-бір нормативтік құжат жоқ.

Керісінше, реформалардың нәтиже­сінде адам құқықтарын қорғау жүйесі нығая түсті. Заңдарға қазылардың тәуел­­сіздігін күшейтетін түзетулер енгі­зіл­ді. Алқа билердің қарауына жата­тын істердің аясы кеңейді. Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл институты толық жұмыс істеп тұр. Оған конс­ти­туциялық мәртебе берілді. Мен был­тыр желтоқсан айында адам құқық­тарына қатысты екінші Жарлыққа қол қой­дым. Мұның бәрі осы салада дәйекті әрі түбегейлі өзгеріс жасалып жатқанын көрсетеді", деді президент. 

Тоқаевтың айтуынша, заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне азаматтардың идеологиялық ұстанымы мен саяси көзқарасының қатысы жоқ. 

"Кейбіреулер прокуратура орган­дарының ескертуіне қарамастан, адам түсініп болмайтын кесірлік көрсетіп, заң бұзады. Ондай адамдар өзін заңнан жоғары қойып, «Атың шықпаса, жер өрте» деген ұстаныммен елге танымал болғысы келетін сияқты.

Көптеген тәуелсіз бұқаралық ақпа­рат құралы жұмыс істеп тұрған, сая­си цензура атымен жоқ елде саяси қуда­лау бар деу қаншалықты орынды?

Ол аз десеңіз, жаңа заң қабылданып, бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алудың орнына хабарлау тәртібі енгізілген соң, Қазақстандағы бейбіт жиындардың саны еселеп артты.

Мен түйткілдердің түйінін айқай-шумен алаңда емес, диалог үшін арнайы құрылған орындарда, ең алдымен, Парламентте өркениетті жолмен, салиқалы түрде тарқату керек деп үнемі айтамын", деп айтты Тоқаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір