• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Сәуір, 17:59:11
Алматы
+35°

03 Қаңтар, 2024 Әлем

Жапониядағы жер сілкінісен 62 адам қаза тапты

Қаза тапқандардың көбі Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді

Фото: Ашық дереккөз

Жапонияның Исикава префектурасында болған жер сілкінісінен 62 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 62-ге жетті. Қаза тапқандардың көбі Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ үйінді астында да зардап шеккендер болуы мүмкін. Ұсақ дүмпулер болып жатса да құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы зілзаладан жүзден астам адам зардап шекті.
 
Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкіністері болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.
 
Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері бұл аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір