• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:28:20
Алматы
+7°
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейінгі үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын бөлісті.
 
Министрдің айтуынша, тергеуге қатардағы қызметкерлер емес, төтенше жағдайға тікелей жауапты инженерлік-техникалық персонал алынған.
 
"Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша біз 19 адамды анықтадық. Бұл жауапты лауазымды тұлғалар. Материалдар тергеу органдарына тапсырылған, олардың кінәсін сот анықтайды", - деп мәлімдеді Шәріпханов үкіметте өткен брифингте.
 
Осы орайда министр тергеуге алынған лауазымды тұлғалардың есімін атады.
 
"АМТ бас директоры Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, көмір департаментінің техникалық директоры Белый мырза, көмір департаменті атқарушы директорының орынбасары Огай және тағы басқалары", - деді ол.

Төтенше жағдайлар министрі Костенко атындағы шахтада болған апатты тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылғанын айтты.

"Апат себептерін тергеу аясында Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды олқылықтарды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен аса оқшаулағыш бөгет пен желдету құрылысы қираған", - деді ведомство басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір