• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:07:59
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде шетелден келіп анасын іздеп жүрген Жәнібектің әкесіне қатысты ақпарат пайда болды. Бұл туралы "Бармысыз, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Жосжан хабарлады. 

“Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. "Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы" деп бір Бауыржан есімді ер жігіт хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік, - деп жазды журналист.

Бұған дейін «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсетті.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео жарияланған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жәнібек Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір