• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:27:11
Алматы
+12°

23 Қаңтар, 2024 Саясат

"Қосановтың" құлағы қылтиды

Бұл жолы Путиннің сайлауынан.

Фото: moscowtimes.ru

Ресейді 20 жылдан астам уақыт бойы бір өзі әлі билеп-төстеп отырған Путин алдағы наурызда тағы бір рет сайланып алайын деп отыр.

25 қаңтарға дейін Борис Надеждин деген кандидатқа 100 мың қол жинап беру үшін ресейліктер ұзын-сонар кезекте тұр.

Надеждин соғысқа қарсы екенін мәлімдеген болатын. Ендеше Надеждинге қол жинап беру ресейліктер үшін соғысқа қарсы екенін білдірудің жалғыз заңды жолы.

Бірақ Надеждин Кремльдің рұқсатымен, келісімімен пайда болған жалған кандидат. Путинге шын қарсылас болатын адамды Ресей билігі өлсе де сайлауға жолатпайтыны белгілі. Навальный түрмеде отыр.

"Соғысты қолдамаймын" дейтін кандидатты Кремль босқа шығарған жоқ. Ресейде "соғысқа қарсымын" дейтіндердің саны өте аз екенін жұрт көрсін демек болған.

Енді өздері жайсыз жағдайда қалды. "Халықтың дені Путинді, соғысты қолдайды" деген әлеуметтік зерттеулерінің өтірік екені білініп қалды. Сөйтсе, соғысты қолдамайтын орыс өте көп екен. Енді билік қажетті қолды артығымен жинағанына қарамастан Надеждинді кандидат етіп тіркемей қоюдың амалын дайындап отыр. Қауіпті өйткені.

Белоруссиядағы президент сайлауында билік "үй шаруасындағы әйел ғой, оны кім қолдайды дейсің" деп менсінбеген Тихановская жеңген. Бірақ Лукашенко оның жеңісін ұрлап, "Лукашенко жеңді" деп жариялатты.

Ресей сияқты СССР-ден қалған елдердің көбінде Надеждин, Тихановская, Қосанов сияқтылар халықтың 100% дауысын иеленсе де президент болмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір