• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:33:49
+12°

Алматыдағы мәдени-тарихи ошақтарының бірі театр екені сөзсіз. Театр-рухани байлықтың қайнар көзі екені баршамызға аян. Қазақ театры десе, қара шаңырақ М.О. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры бірден есіме сап ете қалады. Ал театрдағы рухани демалыс адамның дүниетанымының дәстүрі мен құндылықтарын өсуіне себепкер. Осы орайда  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде https://farabi.university/ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ  «Рухани жаңғыру» апталығы мен «Өлкетану» клубы ұйымдастырумен шетелдік тыңдаушылары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында, атақты ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты музыкалық драма қойылымын тамашаладық. Дүниенің әр төрткіл бұрышынан келгенімізге 3 ай ғана болған біз сияқты шетел азаматтарын  жаңа ортаға бейімдеу мақсатында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедарадасында мәдени-танымдық іс-шаралар атқарылуда. Осындай іс-шаралардың бірі Атажұрттағы қазақтың театр өнерімен таныстыру болды.  Театр – эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы болып табылады. Осы тәрбиені бойымызға сіңіру мақсаты еліміздің басты мәдениет ордасымен таныстыру, өнер мен мәдениеттің қайнар бұлағы болған театр тыңдаушыларды рухани өсіреді. Аталмыш қойлымдағы Вальс королі әйгілі сазгер Шәмші рухына арналған бұл туындыны тамашалау кезінде Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері қойлып, еріксіз биге жетелеп, сезім тебірентер Сыған серенадасын тамашалау барысында біз жастар ерекше әсерге бөленіп, рухани азық алып, рухани демалып қайттық. Бұл қойлымда жерде Шәмшінің жүректегі іңкәр сезімінің махаббаты емес, Шәмшінің Отанға, елге деген махаббат өте күшті. Сүйгеніне еріп кетсе осы күнде музыка әлеміне Шәмшідей ешкім әуен қоса алмас еді. Әндері қандай керемет. Біздің ата-анамыздың жас кезіндегі әндері ғой. Қанша жылдар тіпті ғасыр өтседе Шәмші әуендер ескірмек емес. Сонымен қатар актерлік шеберліктерімен тәнті еткен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрыстың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Н.Карабалинаның жоғары актерлік таланты мен шеберліктері біз сияқты шығармашылық мамандық соның ішінде өнер саласын таңдаған тыңдаушылар үшін үлкен шеберлік сабақ болып, өнерге деген құлшынысымызды одан әрі асқақтата түсті. Атажұртымдағы ҚАЗАҚ театры шарықтай берсін!

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы: Мужигова Гүлназира,

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Мадетхан Ахтилек (Моңғолия), Мәдениет Перизат (ҚХР)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы университет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір