• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:18:18
Алматы
+12°

26 Қаңтар, 2024 Әлеумет

"Еш қатысым жоқ". Өңір әкімі Руза Бейсенбайтегінің жағдайы туралы

Руза Бейсембайтегінің жағдайына қатысты өңір әкімі Асайын Байханов пікір білдірді.

Фото: pavlodarnews.kz

Руза апай психиятриялық диспансерге жатқызылғанда, оның себебін долбарлап, кейбір интернет басылымдар болжам жариялады. Соның бірінде бұған облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысы бар көрінеді делінген. Qamshy.kz сайтының редакциясы кеше кешкісін өңір басшысына сауал жолдады.

Көп ұзамай таңертең Асайын Байхановтан мынандай сипатта жауап келіп жетті:

«Қайырлы күн. Бұған менің еш қатысым жоқ. Мен Руза Бейсенбайтегінің Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылуы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден біліп-көрдім. Кейінірек полиция департаментінің хабарламасына сәйкес, 102 нөмірі бойынша полицияны жеке кеңсе ғимаратына шақырту фактісі белгілі болды, содан кейін жедел жәрдем бригадасы да сол жерге шақырылған. Аталған шақырулар бойынша қызметтердің шығуы нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бірін ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданды. ҚР денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 273-бабына сәйкес өзге деректер жария етілмейді. Соңғы мәлімет бойынша, бүгін дәрігерлер консилиум өткізеді, апайдың денсаулығы дұрыс болған жағдайда, әрине ол кісі үйіне жіберіледі деген үміттеміз».

Ал түске қарай Руза Бейсенбайтегінің босап шыққаны белгілі болды. Алайда ол кісі психологиялық орталықтың есебіне алынған.

"Оқиға орнына келген медициналық бригада психикалық ауытқулары белгілерімен Р.Б. есімді 66 жастағы әйел адамды Павлодар облыстық Психикалық денсаулық сақтау орталығына жеткізді. Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды. Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады", – деп хабарлады облыстық ДСБ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір