26 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар
Нұралы Әлиев Қазақстаннан қашып кетпесін!
Жиеннің жасаған жиендігі...
Ашық дереккөз
Алматыдағы жер сілкінісі туралы дабыл хабарлауы тиіс фирма Нұрали Әлиевтікі болып шықты.
Нұралы Әлиев Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы. Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
Сол Нұралы тендер арқылы 1,1 млрд теңге ақша алған, бірақ мойнына алған жұмыстың бірін де атқармаған сияқты.
Nege.Aqsha таратқан дерек бойынша, Нұралы Әлиевке қарайтын TNS-INTEC компаниясы Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халыққа дабыл қағатын автоматтандырылған жүйе жасауы тиіс еді. Бұл компания мемлекеттік тапсырыстан 1,1 млрд теңге көлемінде тендер ұтып алған. Келісілген акт бойынша іс бітіп, жоба тапсырылғанымен, жер сілкінісі кезінде дабыл құрылғылары іске қосылмады. Әлиев үшін халықтың жағдайы бір сом боп тұрғаны ғой.
Бұл Әлиевтің тағы Астанадағы LRT жобасының ақшасын жымқыру дауына қалғаны бар. Одан бөлек, «Транстелекомды» меншігіне алғаны бар. «Казгеология» тендеріне қатысып, шарт бойынша минералды ресурстардың ақпараттық базасын әзірлеп беруі тиіс еді, ол шаруасы да аяқсыз қалды.
Нұралы Әлиевті жазалауға «жаңа Қазақстанның» күйі неге келмей отыр?!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір