29 Қаңтар, 2024 Әлеумет
Жоқ жолды "жөндеп" 328 млн теңге "жей" жаздады
Қазақты жұлмалап жатқан қу жемқорлық...
Фото: видеодан кадр
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі «Ақжарық-Аппаз» тас жолын жөндеуге ашық конкурс жариялапты. Оған бөлмек болған сомасы 328 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бірақ ондай жол жоқ екен. Бұл – әлі салынбаған тас жол. Салынбай жатып бүлініп, оны жөндеуге асығып ақша бөлуге кірісіп кеткен екен шенеуніктер.
Жөндеу жұмыстары қолданыстағы тас жолда жүргізілуі керек.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тас жол салуға әрекеттенген.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алулар ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің» тізбесіне енгізілген.
Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған.
"Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды", деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір