30 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар
Қасым Аманжол: Мақтайтындар шаршасын...
Азаттық радиосының 36 журналисіне Қазақстанда ресми жұмыс істеуге сыртқы істер министрлігі аккредитация бермеді.
Нұрсейіт Жылқышыбайдың сұхбатынан алынды
Яғни, шетелден қаржыландырылатын БАҚ Қазақстанда жұмыс істемесін деген мақсатта-мыс. Бірақ шетелден ақша алатын жалғыз Азаттық емес екенін неге ескермейді деген сұрақ туындайды. Ал оның жауабы қандай? деген сұрақ аясында Азаттық радиосының тв продюсері Қасым Аманжол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың ютуб каналына сұхбат берген еді.
–Бізесіздер, біз үшін Қазақстанда ешқандай авторитет жоқ. Назарбаев та, Тоқаев та, немесе оның айналасындағы кез келген тұлға, кез келген ірі компанялардың ешқайсысы өз бетінше Азаттыққа бірде-бір ықпал ете алмайды.
Жоқтан сылтау тауып, аккредитация бермей қою жалпы жақсы үрдіс емес. Бұрын болмаған нәрсе. 30 жыл Назарбаевтың үрдісінде болмаған жағдай. Бірінші рет болып тұр. Бұл өте ұят жағдай, - дейді.
Ал журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Үнемі билікті сынайсыз. Одан шаршамадыңыз ба?" деген сұрағына Қасым Аманжол:
«Мақтайтындар көп қой. Мақтайтындар шаршасын» деп жауап берді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір