• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қазан, 04:59:02
Алматы
+8°

Қамаудағы журналист Әйгерім Тілеужанның денсаулығы нашарлап жатқаны хабарланды. Бұл туралы белсенді Ринат Рафхат өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

"Бүгін адвокатының айтуынша Әйгерімнің омыртқасы ауыруда. Салдарынан протрузиясы асқынған дейді. Оған дейін аштық жариялаған кезде оның бірнеше тісі түсіп қалған көрінеді. Қалай болғанда да Әйгерімге шұғыл, кешенді медициналық көмек қажет", деп жазды белсенді. 

Еске салсақ, журналист, аудармашы, саяси белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде "Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды" деген айыппен 2023 жылы 11 шілдеде сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспеген, істі "саяси тапсырыс" деп атаған. Қазақстандық құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқын» деп таныған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір