• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:06:18
Алматы
+12°

Қазақстанның Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей – Қазақстан – Иран бағытында байланыс жүйесін тартып, Үнді мұхитына шығуды ұсынды, деген ақпарат тарады.

Министр Алматыда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары жиынында осындай ұсыныс тастады.

Желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Еуразя экономикалық одағына мүше елдер басшыларының кездесуінде Ресей – Қазақстан – Иран бағытында байланыс желісін тартуды ұсынған. Оның айтуынша, мұндай желі Үнді мұхиты жағалаулары арқылы халықаралық желілерге қосылуға мүмкіндік береді.

Бағдат Мусин де Алматыдағы форумда ШЫҰ елдерін GovTech аясында белсенді байланыс орнатуға шақырды. Министр Қазақстан осы салада ілгері жылжығанын, елдің электронды үкімет өнімі әлемде жоғары бағаланғанын атап өтті.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда транзиттік тарифтерді өңдеу мен сақтауды көздейтін ірі дата-орталықтар салынады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір