• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Наурыз, 01:04:50
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Майқайыңдағы іздестіру жұмыстары қайта жанданды

Әзірше ойық түбіне техника өздігінен жүріп баратындай қауіпсіз жол салынуда. Бұл іске «Майқайыңалтын» АҚ жауап берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ғаламтор желісінен алынды

   Қазір кеніш аумағындағы автобус түсіп кеткен ойық айналасына топырақ үйіліп, қоршау жасалуда. Тау-инженерлік жұмыстарын жүргізуге арналған жоба әзірленіп жатыр.

   -Ауыр техниканың көмегімен бүйірлік траншеялар кеңейтіліп, ойықтың түбіне дейінгі аппарелі тереңдетіле түссуде. Аталған шаруалармен кәсіпорынның өзі шұғылданып жатыр. Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары төтенше жағдай орнында күту режимінде тұр» деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

    Ойық түбіне дейін техникаларды жеткізуге мүмкіндік беретін қауіпсіз жол салынып болған соң іздестіру-құтқару қайта жалғасатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір