• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Наурыз, 01:42:26
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2024 Құқық

Атырау облыстық аумақтық ветеринария инспекторы пара алды деген күдікке ілінді

Антикордың мәліметінше, ол кәсіпкерлерден 2,1 млн теңге көлемінде пара алған.

әлеуметтік желіден алынды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Оған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деген күдік келтіріледі", делінген ведомство хабарламасында. 

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір