• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 11:17:52
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2024 Әлеумет

Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн қосымша демалады

Елімізде 2024 жылдың наурыз айында екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

Ашық дереккөзден алынды

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз жұмаға келеді.

Осыған байланысты Қазақстанда жұмыс істейтін адамдар мына күндері қосымша демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үш күн қатарынан демалады: 8, 9 және 10 наурызда (жұма, сенбі, жексенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар екі күн демалады: 8 және 10 наурыз (жұма, жексенбі).

Ал Наурыз мейрамын Қазақстан халқы бес күн бойы тойлайды.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар бес күн қатарынан демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

Бұл арада демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылады.

  • алты күндік жұмыс аптасындағылар төрт күн қатарынан демалады: 21, 22, 23 және 24 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

Барлығын қоса есептегенде, наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында 14 демалыс және 17 жұмыс күні, алты күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір