• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 05:48:46
Алматы
+35°

Талдықорған әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылған тұғырдың алып тасталу себебін түсіндірді. 

Бұған дейін экс президент ескерткішінің тұғыры алып тасталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Барлық жұмыс түнде жүргізілген, сондықтан қала тұрғындары бұл процесті көрмеді. Аталған ескерткіш Қаңтар оқиғасында бұзылған еді. 

Талдықорған әкімдігі тұғырдың алып тасталу себебін айтып, оның қаланың сәулетіне сай келмейтінін айтты.

"Талдықорған орталық алаңындағы ескерткіш тұғырының бұзылуына байланысты ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қалалық кеңістіктің сәулетін бұзғандықтан бөлшектелгенін хабарлаймыз. Бүгінде ол жерде қандай да бір мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарланбаған", - деді Талдықорған әкімінің орынбасары Бауыржан Әбибеков.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір