• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 14:34:33
Алматы
+12°

Республика күні-елдігімізді ныайтатын ұлттық мереке

Қазақстан үшін 25 қазан – тарихи әрі маңызды күндердің бірі. Бұл күн біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуының алғашқы қадамдарын еске салады. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның өз билігін өз қолына алуға, ішкі және сыртқы саясатты дербес жүргізуге ұмтылғанын көрсетті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық аясында Республика күніне ұйымдастырылған ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне білім алуға келген қандас бауырларымыз бен ұстаздар қауымы «Атамекенге қош келдің» атты іс-шара ұйымдастырып, тәрбиелік мәні өте жоғары іс-шара өткізді.
Республика күні – тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады және болашаққа нық сеніммен қарайды. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет, сондықтан бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықты да дәріптейді.
Қазақстанның даму жолы жеңіл болған жоқ. Тәуелсіздікке апарар жолда көптеген қиындықтар мен сынақтар кездесті. Дегенмен, халықтың қажыр-қайраты мен бірлігінің арқасында мемлекетіміз өркендеп, дамып келеді. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орнын тапқан, бейбітшілік пен тұрақтылықты басты ұстаным еткен елге айналды.
25 қазан – жастар үшін де маңызды күн. Біздің, оқушылар, бұл мерекенің мәнін түсініп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдіміз. Тек сапалы білім алып, еңбекқор болып, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек еткенде ғана Қазақстанның келешегі жарқын болады. Әрқайсымыз өз ісімізді адал атқарсақ, мемлекетіміздің болашағы зор боларына сеніміміз мол.
Қазақстан атты ұлы Отанымыздың игілігі мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің ғұмырлы болуы үшін күш-жігерімізді салып, Отанымыздың жарқын болашағы жолында еңбек етіп жатқан барша Қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайтындарын жеткізді. Сондай-ақ Атамекенге Монғолиядан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Түркмениядан т.б. келген қандас тыңдаушылар елге деген сағынышын білдіру мақсатында «Көк тудың желбірегені», әнін ерекше сезіммен орындады.
Бүгінгі мерекелік күнде еліміз өркендеп, жайнап, ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын демекпіз. Мереке құтты болсын!
Республика күні – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс. Ол тек мереке емес, біздің егемендігімізді, еркіндігімізді және ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін күн. Бұл күн бізді мақтаныш сезіміне бөлеумен қатар, елдің болашағы үшін жауапкершілік сезінуге де шақырады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары: А.М.Какенова, Г.М.Мужигова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір