• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:11:17
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2024 Экономика

Фото: rferl.org

"Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары" деген құжат әзірленген екен.

Оны әзірлеген – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.

Биліктің бұл "Ұлттық даму жоспарымен" танысып шыққан экономист Айдархан Құсайынов аң-таң қалғанын жазды.

Оның байқағаны – Ұлттық даму жоспарында халықтың әл-ауқатына қатысты ешқандай нысаналы индикатор (меже) жоқ.

Мысалы, «халықтың табысы мен табысының өсім қарқыны», «табыстар бойынша теңсіздік», «ІЖӨ-дегі жалақы үлесі» немесе басқа да халықтың әл-ауқаты мен қоғамдағы әділдікке тікелей қатысты нақты ештеңе жоқ.

– Тек «медиандық жалақы» деген сөз бар, бірақ ел халқының шамамен 30 пайызы жалдамалы жұмысшы екенін ескерсек, бұл ешқандай да индикатор емес. Халықтың әл-ауқаты дегенді ұмытқан екен. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 1,4 есеге өсуі және медианалық жалақының нақты мәнде 1,9 есеге ұлғаюы деген жеріндегі екі көрсеткіштің де халықтың әл-ауқатына қатысы жоқ.
Жоспардың ең басты мақсаты деп ЖІӨ-ні 450 млрд АҚШ долларына дейін жеткізіп, екі есеге арттыруды атапты. Осымен-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық валютамыз теңгеге түкіргендей қылыпты, дейді ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір