• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:18:37
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2024 NEWS

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
 
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2.
 
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина бет қаратпады – 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2.
Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.
 
Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.
 
Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елена Рыбакина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір