• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:44:24
Алматы
+12°

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 10 ақпаннан бастап Қазақстанда ақбөкендерді ату тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Киіктерді ату қазір тоқтатылдыОтандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Былтырғы жылды ескере отырып, биыл мамыр айында егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады", - деді министр мәжіліс кулуарында.

Еске сала кетсек, мамандар 2023 жылдың күзде елдегі ақбөкен саны 2,6 миллионға жетеді деп болжаған. Бұлайша популяцияның өсуі өңірлердегі шаруаларды шығынға ұшыратып, жайылымдық жерлердің тапшылығын тудыруы мүмкін екені де айтылды. Саны 1,9 млн-ға жеткен киік Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, БҚО-да егіс алқаптарын таптаған. Шамамен 122 мың га егіс алқаптарына 12 млрд теңгеге шығын келген. Сол себепті Үкімет киік санын қолдан азайтуды «қарал» тәсілі бойынша жүргізе алмағандықтан, атуға рұқсат берді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: киік ату Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір