• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:53:23
+7°

13 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

коллаж

Зейнетақы қорынан 170 млрд теңге «Бәйтерек» холдингіне бөлінген екен. Ол қаражат жүк және жолаушылар вагондарын сатып алуға жұмсалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі болған Әлібек Қуантыров мәлімдеген болатын. Оның түсіндіруінше, зейнетақы қорындағы ақшаны инвестициялаудың ең тиімдісі әрі сенімдісі – «Бәйтерек» холдингі.

Зейнетақы қоры – халықтың жинаған ақшасы, әрине халық бұған алаңдаулы.

– 15 жыл бойы 13% кірістілік беріп тұрған «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» облигациялары біздің зейнетақы қаржымызды көбейтуге жақсы ықпал етпек. 173 миллиард теңгеден біз жыл сайын 22,49 миллиард теңге кірістілік аламыз деп санасақ, 15 жылда ол 337,35 миллиард теңге болады. Сонда 173 миллиард теңге 510 миллиард теңге болып қайтпақ. Жоғары инфляция фазасынан өттік деп саналғандықтан, тіпті қазіргі сәтпен модельдесек, 9,8% болатын инфляция мәнінің үстінен 3,2% кірістілік алып отырамыз. Сондықтан бұл халық үшін тиімді, – дейді экономист Айбар Олжай.

Бұдан қауіп болмай ма, холдингке құйылған қаржы ертең құмға су сепкендей болмай ма, деген сұраққа қаржыгер былай дейді: 

– «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» жеке компаниялар емес. Олардың барлық міндеттемелері, қарыздары мемлекет тарапынан кепілдендіріледі. Сондықтан Қазақстанның суверенді рейтингі (S&P: BBB-/А-3, Fitch: BBB тұрақты) қандай, екі холдингте де сондай рейтинг болады. Қарапайым тілмен айтсақ, олар 100 пайыз сенімді, алған ақшасын не болса да қайтара алатын алпауыт ұйымдар. Сондықтан бұл мәміле халық үшін қауіпсіз.

Зейнетақы қорында 18,7 триллион теңге ауыр жүк болып жатыр. Жата берсін десек, оны инфляция жеп қояды. Табыстылық қуып стартаптардың акцияларын, немесе криптовалюта сатып алайық десек, онда анық ақшамызды жоғалтуымыз мүмкін. Халықтың ақшасымен ойнауға болмайды. Сол үшін Ұлттық банк барынша сақтықпен, 100 пайыз қайтатынына сенімді, сонымен бірге табыстылығы инфляциядан жоғары болатын құнды қағаздарды іздеп, соларға инвестиция жасайды, – деді экономист.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Зейнетақы қоры вагон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір