• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:31:39
Алматы
+8°

16 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Екібастұзда 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырылған

Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады.

Сурет уикипедиадан алынды

Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен – 1 миллиард теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайын, залал сомасын және оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Екібастұз МАЭС-2

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір