• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:17:48
Алматы
+12°

16 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Полицейлер таксилерді жаппай тексеруді бастады

5 және 29 ақпан аралығында Астана қаласы аумағында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіледі.

Аық дереккөзден алынды

    Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, іс-шара барысында полицейлер Жол жүру ережелері талаптарының сақталуын қадағалайды. Соның ішінде таксилердің жолаушыларды, багажды тасымалдау ережелерін сақтауын тексереді.

    5 ақпаннан бері тәртіп сақшылары жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Сондай-ақ көлікті нөмірсіз басқарған 46 жүргізуші ұсталды. 380 жүргізуші міндетті техникалық тексерістен өтпеген. Бұдан бөлек 500-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамаған.

    - Шара барысында патрульдік полицейлер "Хюндай" автокөлігін басқарған 35 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Шетелдік тиісті тіркеу құжаттарынсыз "Яндекс" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдап жүрген. Өзбекстан азаматына қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Ал көлігі коммуналдық тұраққа қойылды, - деп атап өтті ведомство.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір