16 Ақпан, 2024 NEWS
Фото: GETTY IMAGES
Ресейдегі Жазаны өтеу бойынша федералдық қызмет 19 жылға сотталған ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный қайтыс болғанын хабарлады, деп жазды ВВС-дің орыс қызметі.
"16.02.2024 жылы № 3 түзету мекемесінде сотталушы Навальный өзін жайсыз сезініп, бірден есінен танып қалды" делінген федералдық қызмет хабарламасында.
Хабарламада бірден жеткен медицина мамандары ештеңе істей алмағаны, өлім себебі анықталып жатқаны айтылады.
Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш саясаткердің өлгенін растаған жоқ, тек анықтап жатқанын жеткізді.
Путиннің оппоненті, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный былтыр экстремистік іс бойынша 19 жылға сотталып, жазасын Владимир облысында қатаң режимдегі колонияда өтеп жатқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір