• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:13:05
Алматы
+12°

20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жаңа әуе бағыттары ашылады

Атап айтқанда, Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жаңғыртылып, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстердің саны ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесі де талқыланып жатыр.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Сеулде Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты.

Сонымен қатар, Талғат Ластаев T ' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір