20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Елімізде енді инфляция басқа тәсілмен есептеледі
2024 жылы мамыр айында инфляцияны есепке алудың жаңа әдістемесіне көшу жөніндегі пилоттық жоба тізгін тартады. Жаңа әдістемені әзірлеумен қатар, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын барлық сауда желісі мен бөлшек сауда орнында баға мониторингін неғұрлым егжей-тегжейлі және ашық жүргізу үшін Ұлттық өнімдер каталогы енгізілгелі жатыр.
Ашық дереккөзден алынды
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте инфляция көрсеткіштерін есептеудің жаңа әдістемесіне көшу жөніндегі жұмыс қорытындылары қаралды.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев бюроға осы әдіснамаға көшуге көмек көрсететін ХВҚ сарапшысы сапарының қорытындысы бойынша негізгі ұсынымдар берілгенін мәлімдеді. Олардың арасында:
– апта сайын емес, үш аптаның деректерін ескере отырып, инфляцияның айлық көрсеткішін қалыптастыру;
– деректердің көрінуіне талдау жүргізу, бұл олардың бөлшек саудадағы үй қожалықтарын сатып алуларын айтарлықтай көрсетеді;
– тауарлардың жекелеген түрлері үшін тәжірибелік индекстер есебін жүргізу.
«Жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айында жаңа әдіснаманы пысықтауды аяқтаймыз. Сәуір айында бағдарламалық кешенге өзгерістер енгізіліп, мамыр айында индекстерді есептеу бойынша пилоттық жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың басынан бастап біз жаңа әдістемеге толығымен көшеміз», - деді Мақсат Тұрлыбаев.
Серік Жұманғарин бұл мәселеде белсенді түрде ілгерілеуді мақұлдап, 2023 жылға жаңа әдістеме бойынша талдау жүргізу және ауытқу дәрежесін түсіну үшін екі әдіспен алынған деректерді ұсыну қажеттігін атап өтті.
«Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Бикеш Құрманғалиева сауда желілерінің тауарлардың жаңа номенклатурасына көшуі туралы мәлімдеді.
Инфляция мониторингінің қолданыстағы дәстүрлі жүйесі баға көрсеткіштерін жинау мен талдаудың ұзақ және көп ресурсты қажет ететін процесімен күрделене түскені бұрыннан талқыланып жатыр. Фискалдық деректер операторында тауарларды бірыңғай жіктеу жүйесі мен оларды кодтау жоқ. Деректерді өңдеу процесінің дұрыстығын жеңілдету және арттыру үшін тауарлардың бірыңғай номенклатурасын енгізу қажет.
Тауарлардың ұлттық каталогы анықтама ретінде міндетті түрде пайдалану заңмен белгіленген. Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты жинау мен есепке алуды цифрландыру бойынша жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. Цифрланған деректер инфляцияны бақылау үшін қажетті статистиканың сапасын жақсартуға арналған.
«Біз олардың есеп жүйелерімен интеграцияланып, қазір түбіртектерді белсенді әрі ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді Бикеш Құрманғалиева.
Кеңес қорытындысы бойынша талдау үшін деректерді беру кезінде туындайтын кедергілерді тезірек шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган және ұйыммен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір