• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:20:16
Алматы
+12°

21 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

«Жаралы сезім – 2» фильмінің премьерасы өтті

Кинорежиссер Еркін Рақышевтің алғашқы «Жаралы сезім» фильмі көпшіліктің көңілінен шыққан отандық кинолардың бірі болған еді.

"Жаралы сезім - 2" фильмінің актерлары

Тіпті фильмде айтылатын «Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді» деген сөз  жастардың жиі қолданатын тіркесіне айналып кеткен еді. Енді араға 17 жыл салып режиссер «Жаралы сезім – 2» фильмін жарыққа шығарды.

Фильм желісі бойынша бұрынғы ғашықтар Арай мен Қанаттың баласы Азамат есейіп, есірткі саудасымен айналысады. Кейін есірткі сатып жүрген жерінен ұсталып, түрмеге түседі. Осылайша, фильм шытырман оқиғаларға ұласады

   -  «Жаралы сезім» киносы алғаш рет 2006 жылы түсіріліп, 2007 жылы жарыққа шыққан болатын. бұл киноны түсіргенде, менде ешқандай тәжірибе болмады. Әрі осы саланың маманы емеспін. Сол кезде кәрістің «Ва-банк» деген сериалын көріп, содан кино түсіруді үйрендім. Содан бері 17 жыл өтті. Кейінірек жаңалықтардан «Ва-банктың» жалғасы түсірілейін деп жатқаны жөнінде оқыдым. Содан неге бізге де «Жаралы сезімнің» жалғасын түсірмеске» деген оймен бұрынғы әртістерімді жинап алып, сол киноны түсірдік.

     Ал қаржыландыру мәселесіне келсек, «Алла Тағала маған кино түсріре алатын қабілет берген екен ғой» деп тәуекел етіп, ақшаны іздемей, киноны бастап кетемін. Бұның алдында «Бақытыңды аяла» киносына бір ағамыздан 1000 доллар алып, соны бастап кеттім. Бұл жолы киноны түсірерде 1 миллион теңге жұмсадым. Содан анадан сұрап, мынадан сұрап, үстеме ақымен түсірілімнің жартысына келгенде, кәсіпкер досым Кеулімжан Бижанов қаржылай көмектесті. Осылайша, соның арқасында киноның түсірілімі де бітті, – дейді режиссер Qamshy.kz-ке берген пікірінде.

 Айта кетейік, «Жаралы сезім – 2» фильмі 22 ақпаннан бастап, еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілетін болады.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір