• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:31:56
Алматы
+8°

22 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Дәрігерлерге жазылу енді жеңілдейді

Елімізде емханалардағы медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізілуде.

Ашық дереккөзден алынды

    Яғни, енді қазақстандықтар жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандардың қабылдауына тікелей жазыла алады. Денсаулық сақтау министрлігі емханада медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін бұйрықтар меен стандарттарға өзгерістер енгізіп жатыр. 

   Министрліктің мәліметінше, наурыз айынан бастап, мынадай жұмыстар жоспарланған:

     - Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту - олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін 1 айдан 3 айға дейін арттыру.

     Сәуір айынан бастап:

    - Бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдірілетін болады. Пациент мына жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгіне алады;

    - шұғыл жағдайлар мен жарақатта, оның ішінде офтальмологиялық және басқа да жарақаттар;

     - шұғыл және стамотологиялық көмек көрсету;

     - дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;

     -  тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологтың қабылдаулары;   

     -  онколог және онкогематологтың қабылдаулары;

      - диспансерлік есепте тұрған пациенттерді кардиолог эндокринологтың, офтальмологтың, невропатологтың, хирургтің қабылдаулары;

      - оны тағайындау бойынша бейінді маманның қайта қабылдауы;

      - Жастар денсаулық орталықтарында мамандардың қабылдауы;

      -  жылжымалы медициналық кешендер мен басқа да мобилді қызметтердің қызмет көрсетуі кезінде жүзеге асырылады.

     Сонымен қатар сәуірден бастап динамикалық бақылау тәртібі және жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмыс алгоритмі қайта қаралады, бұл мультидисциплиналық тәсілді қамтамасыз етеді. Осы жұмыс аясында әрбір пациент үшін тексеру жеке айқындалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір