• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:37:47
Алматы
+12°

23 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Премьер-министр лауазымы бұйырмаған Тимур Сүлейменов: Түк қынжылмадым

Бүгін арнайы өткен брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке журналистер жеке басына қатысты тосын сұрақтар да қойды.

Ұлттық банк баспасөз қызметі

Үкімет отставкаға кеткенде "Әлихан Смайыловтың орнын басатын осы адам" деген болжамды тізім арасында Тимур Сүлейменовтің есімі де аракідік бой көрсеткен болатын. Осыған қатысты тілшілер Ұлттық банк төрағасының пікірі қандай екенін біліп көруге тырысты.

"Шынымды айтсам, (болжамды) елемедім. Расында, бізде авторлары белгілі-белгісіз көптеген әртүрлі Telegram арналар бар. Енді солардың әрқайсысы не жазды деп қарап отырмаймын ғой. Шешім қабылданды, Amanat партиясы бастамашы болды, Мемлекет басшысы қолдап, Мәжіліс те дауыс берді, сондықтан бұл шешім дұрыс деп санаймын", деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ ол бұған дейін де Үкіметпен де, Олжас Бектеновпен де арада сындарлы қарым-қатынас орнатылғанын баса атап өтті.

"Мен Президент Әкімшілігінде онымен бірге (Олжас Бектеновпен) жұмыс істегенмін, оның бірінші орынбасары да болдым, сондықтан бізге бірге жұмыс істеу оңай. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Көптеген жоба мен реформалар орнынан қозғалады деп ойлаймын", деді Тимур Сүлейменов.

«Үкімет басшысы болмай қалғаныңызға еш өкінбейсіз бе» деп қайталанған сұраққа ол:

«Түк қынжылмадым» деп қысқа жауап қайырды.

Айта кетсек, 2024 жылы 6 ақпанда Үкімет басшысы болып Олжас Бектенов тағайындалды. Үкімет отставкасынан кейін жаңа Премьер-министр Тимур Сүлейменов, не болмаса Ерлан Қошанов болады деген болжамдар болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір