26 Ақпан, 2024 Алматы облысы
Алматы мен Алматы облысында ірі қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды
Олар Шудан Алматыға есірткі жеткізу арнасын бір жолға қойған тұрақты қылмыстық топтың мүшелері болып табылады.
Ашық дереккөзден алынды
Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.
"Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 келі марихуана мен 15 келі гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір