• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 12:28:05
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Билетсіз балаларды автобустан мәжбүрлеп түсіргендер жауапқа тартылады

Жаңа заң жобасы аясында автобус ақысын төлемеген 16 жасқа дейін балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін жауапкершілік қарастырылуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті.

Ашық дереккөзден

     Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында «Жаңа заң жобасында 16 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп шығарып жібергені үшін жауапкершілік қарастырылуда. Бұл өз кезегінде билетсіз жолаушылардың көбеюіне алып келмей ме?» деген сұрақ қойылды. 

    «Бұл норма алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін қарастырылып отыр. Менің ойымша, аталған шара билетсіз жүретін жолаушылардың санын көбейтуге жол бермейді. Қоғамдық көлік жүргізушісі немесе кондуктор полицейлер мен қамқоршылық қорғау органдары өкілдерін шақырады, содан кейін баланың автобуста билетсіз жүру себебі анықталады. Себепті анықтау барысында ата-анасының кінәсі белгілі болса, яғни баласының қоғамдық көлік ақысын төлеуін қамтамасыз етпесе, онда ата-анаға жауапкершілік қаралуы мүмкін», - деп жауап берді Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір