27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Талдықорғанда шенеунік белгісіз көшені жөндеуге мемлекеттен 500 миллион теңге сұратқан
Талдықорғанда шенеунік көше жөндеуге мемлекеттік сатып алудан 500 миллион теңге сұратқан. Қызығы ол қаражаттың нақты қайда қандай көшеге жұмсалатынын көрсетпеген.
Ашық дерекккөзден
Жетісу облысының прокуратурасының мәліметінше, шенеуніктің күдікті әрекеті назар аудартқан.
- Тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған. Ақаулы актілер мен әр көше бойынша жұмыстардың сметалық құнын анықтап бермеген, – деді қадағалау органы.
Прокурорлар осы мемлекеттік сатып алу конкурсымен бірге тағы бесеуінің күшін жойған. Солардың бәрін есептегенде шенеуніктер жоспарлаған тапсырыстардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады екен.
- Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамадағы біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады. Сондықтан әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп қиындатамыз, – деді ведомство.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір