• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:23:53
Алматы
+7°

28 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салына ма?

Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салып, оларды қарыздан құтқару ұсынылды.

Ашық дереккөзден алынды

    Мәжілісте аз қамтылған азаматтардың берешегін қадағалауды күшейтетін заң жобасы қаралып жатыр. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар да бар. 

    Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі Марат Шибұтовтың сөзінше, әр қарыз алушы орта есеппен 2,15 миллион теңге берешек. Жалпы қарыз бүгінде 18 триллион теңгені құрап отыр.

    Азаматтар несие алып, оны дәл уақытында қайтарудан бас тартатын көрінеді. Оның үстіне банктер мен микроқаржы ұйымдары ел тұрғындарын несие алуға итермелейтіні бар. Isker isi әлеуметтік жобасының жетекшісі Бибінұр Шералиева атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың көпшілігінде оннан аса микрозаймдары барына алаңдаулы. 

    ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  мәліметінше, 69 мың адам өзін банкрот жариялауға өтініш берген, алайда оның тек 5 мыңының өтініші қабылданған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір